«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» атты зияткерлік сайыс
2017 жылдың 19 сәуірінде біздің мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті апталығына орай 7 –ші сыныптар арасында қазақ тілі пәнінен «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» атты зияткерлік сайыс өтті. Сайыстың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыра отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.Сайыс 6 кезеңнен тұрды. Атап айтқанда: «Таныстыру», «Жорға», «Ойна да ойла», «Талапкер», «Ойлы болсаң, озып көр», «Мақал – сөздің мәйегі». Сайыс өте тартымды, әрі қызықты өтті. Шара соңында белсенді қатысқан топ басшылары Галюра Яна-7«Д», Бакирова Карина -7 «В»және ойын жеңімпаздары марапатталды.
Сайысты құрастырып өткізген : Г.С. Ахметжанова.