Пединститутқа 55 жыл!
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтқа 55 жыл. Содан бері институт білім, ғылым және мәдениет орталығына айналды, 40 мыңнан аса мамандарды дайындады. ЖОО өзінің түлектерімен мақтан етеді. Мерекенің құрметті қонақтары арасында алғашқы түлектерінің бірі – Николай Захарович Семига да болды. «...Бірнеше онжылдықтар өтті, түлектер бүкіл жер жүзіне қанат жайды, бірақ біз қай жерде тұрсақ та, қай жерде қызмет етсек те, әрқашан туған институтымыздың қабырғасында өткен қызыққа толы жылдарды ұмытпаймыз!»