2019 жылдың маусымында А.С.Пушкиннің туғанына 220 жыл толады. Оның шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылды, әлемнің мәдениетінің құнды мұраларына еніп, түрлі елдердің, бірнеше ұрпақтың миллиондаған оқырмандарының жүректерін жаулап алды.
Ұлы орыс жазушысының мерейтойы қарсаңында ПМПУ және Славян мәдени орталығы оқушылар мен студенттерге (10-20 жас аралығында) «Аты өшпес – Пушкин» атты әдеби сайысқа қатысып, жас ұрпақ үшін П.С.Пушкиннің шығармашылығының маңызы туралы ойлануға мүмкіндік берді.
10 ақпан күні Достық Үйінде «Тірі Пушкин» атты әдеби кеш өтті. Кеште сайыстың бірінші бөлімінің нәтижелері бойынша эпистолярлық жанрдағы шығармашылық жұмыстарға қатысқандарды марапаттады.
Мектебіміздің 5-сынып оқушылары Настя Тимофеева және Адина Рыспаева өздері жазған шығармалары үшін бірінші орындарды иеленіп Дипломмен марапатталды.
Ал 24 ақпан күні сайыстың екінші бөлімінің жеңімпаздары марапатталды: сайыс шарты бойынша А.С.Пушкиннің бір өлеңін орыс тілінде және басқа тілдегі (қаттысушының туған тілі немесе басқа кез-келген тіл) аудармасын жаттау керек болды.
Біздің мектепттің атынан 6 оқушы қатысты. Олар өлеңдерді қазақ, орыс, украин, неміс, ағылшын және қытай тілдерінде айтты. Бас жүлдені А.С.Пушкин өлеңін ағылшын тілінде жаттаған Рыспаева Адина иеленді!
Сайысқа келген әрбір адам әдеби кештен рақат алды.
Ұйымдастырушыларға әсіресе Н.А.Колодинаға алғыс білдіреміз.