Бүгін мектепте «Менің Туым, менің Отаным!» республикалық акция шеңберінде салтанатты жиылыс өтті. Отанымыздың барлық түкпірлерінде акция өтіп жатыр. Бұл күндері оқушылар мен студенттер өз жетістіктерін оқудағы, ғылымдағы, спорттағы жетістіктер мен жеңістерін ҚР туына арнайды, осылайша еліміздің тәуелсіздік рәміздеріне деген өздерінің құрмет пен тәкаппарлығын білдіреді. Біздің балалар да шетте қалмайды. Олар да өз жеңістерін ҚР туына арнайды. Солардың бірі - Солоденко Анастасия, 7 «Б» сынып оқушысы, «Мың бала» республикалық байқауы шеңберінде «Асыл сөз» облыстық байқауына қатысып 1-ші орынды иеленді. Енді біздің облыстың намысын қорғауға қарашаның соңында Нұрсұлтан қаласына барады. Біз Анастасияға сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз! Жиылыста республикалық және облыстық деңгейдегі зияткерлік конкурстардың жеңімпаздары Құрмет грамоталарымен марапатталды.
«Менің Туым, менің Отаным!»