«Біз біргеміз»
24 сәуірде № 43 ЖОББМ ММ «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы басталды. Бүгінгі күнде акцияны қамқорлық кеңесінің мүшелері мен мектептің ата-аналары қолдады. Ата-ана Елащук Игорь Евгеньевич ерекше үлесін қосты, сондай-ақ бізге шын жүректен қамқорлық кеңесінің төрайымы Уалиева Майра Сарсенбайқызы, мектеп асханасының жалға алушысы Е.Г. Вайнмайер көмектесті. 30 сәуірде 10 отбасынан 25 балаға азық-түлік түрінде материалдық көмек көрсетілді. Мектеп әкімшілігі қайырымдылық марафонының барлық қатысушыларына ілтипатшылдық пен ізгі ниеттілік үшін алғыс білдіреді. «Біз біргеміз» акциясы өз жалғасын ізгі адамдардың жүрегінен орын табады деген үміттеміз.