"Мектепке жол"
"Мектепке жол" республикалық акциясы аясында "Гофротара зауыты" ЖШС директоры және қалалық мәслихат депутаты Қайдарова Гүлнар Шамарқызы болашақ бірінші сынып оқушыларына қайырымдылық көмек көрсетті. Оқушыларға кеңсе тауарлары, мектеп формасы және аяқ киім ұсынылды. №43 ЖОББМ ММ әкімшілігі мен ата-аналар көрсеткен көмегі, назары мен қолдауы үшін алғыс білдіреді. Оларға шын жүректен бақыт, бейбітшілік, жақсылық пен денсаулықты тілейді.