«Тәуелсіздік жетістігі» тақырыбында республикалық сынып сағаты өткізілді
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды өткізу аясында 20 қыркүйекте «Тәуелсіздік жетістігі» тақырыбында республикалық сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаттары барысында тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік құрылыстың негізгі қорытындылары мен перспективалары нәтижелері мен болашағы туралы, сондай – ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті нығайтудағы тарихи рөлі туралы айтылды. Сынып сағатына 11-сыныптарда Кенжекөл ауылдық округі әкімінің орынбасары М. К. Смағұлов шақырылды.