Сенім телефоны
87182-35-34-62
email: ksosh@goo.edu.kz instagram.com/ksosh_school
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылы, Конституция алаңы, 1
87182-353-461
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Кітап-білім бұлағы
21-10-2021 10:53
«Кітап-білім бұлағы
Кітапханашы М.Ш. Серимова 3Б сынып оқушыларымен «Кітап-білім бұлағы» тақырыбы бойынша тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жөнінде түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оны күтіп ұстауға тәрбиелеу.
"Кітапханада кітапты қалай таңдау керек"кітапханалық сабақ.
Кітапхана-кітаптардың қоймасы. Олар мазмұны мен мақсаты бойынша әртүрлі, сондықтан оқырманға дұрыс кітапты таңдау қиынға соғады. Өз жұмысында кітапханашылар оқырман үнемі кітапханаға келетін, бірақ кітап таңдау қиынға соғатын жағдайға тап болды. 3 "Б" сынып оқушыларымен "Кітапханада кітапты қалай таңдау керек" кітапханалық сабағы өтті. Сабақтың мақсаты- балаларға кітап таңдауға үйрету. Кітапханашы оқырмандармен бөлімдердің құрылымы туралы әңгіме жүргізді, сөрелердегі және тақырыптық бөлгіштердегі кітаптарды орналастыру тәртібімен таныстырды, кітап көрмелерінің маңызы туралы айтты. Балалар жүйелі және алфавиттік каталогтарды қарады. Іс-шара соңында алған білімдері бекітілді: автор мен шығарманың атауы бойынша кітап табылды, кітап шифры бойынша кітаптар сөрелерге орналастырылды. Үйде оқу үшін балалар кітапханашы ұсынған әңгімелерді алды.