Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында
Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында тарих пәнінің мұғалімі 10Б сынып оқушыларымен «Тұңғыш Президенттің рөлі» атты дөңгелек үстел өткізді. Тарих пәнінің мұғалімі Кульжанов Г.К. оқушыларға Елбасының өмірбаяны туралы таныстыру дәрісін өткізді. Оқушылар қосымша әдебиеттер көмегімен Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімен постерлер жасады.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз, гүлденген, саяси тұрақты, демократиялық мемлекет құру және дамыту жолындағы тарихи рөлін көрсету.