Сенім телефоны
87182-35-34-62
email: ksosh@goo.edu.kz instagram.com/ksosh_school
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылы, Конституция алаңы, 1
87182-353-461
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестерді қалыптастыру туралы хабарлама
01-02-2022 11:52

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібі үлгілік қағидаларының (бұдан әрі-қағидалар) 5-тармағын орындау үшін арнайы білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттардың жазбаша келісімімен алынған ұсыныстар негізінде қалыптастырылады.

Қағидалардың 7-тармағына сәйкес Қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса), ата-аналар комитеті ұсынған сыныптардың, курстардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасынан немесе заңды өкілінен, қайырымдылық жасаушылар (бар болса) кіреді.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде Қамқоршылық кеңестің құрамына кіру үшін Павлодар қаласы білім бөлімінің, Павлодар облысы білім басқармасының «Павлодар қаласының Кенжекөл ЖОМ» КММ-не 353-461 телефоны бойынша жүгіну қажет. Ұсыныстарды қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 1 мен 14 ақпаны аралығында.