Құттықтаймыз! 2–4 сынып оқушыларына арналған республикалық математикалық «Бастау» олимпиадасы
2–4 сынып оқушыларына арналған республикалық математикалық «Бастау» олимпиадасының қалалық кезеңінде Сагиев Хасан жүлделі III орын иеленді.
Жетекшісі: Шакаргалиева Т.К.
Олимпиаданың мақсаты:
-Бастауыш сынып оқушыларының математикалық білім деңгейін анықтау;
-Дарынды және қабілетті оқушыларды қолдау;
-Логикалық ойлау, талдау және есеп шығару дағдыларын дамыту;
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және зияткерлік әлеуетін жетілдіру.
Жеңімпазымызды және жетекшісін құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!

