31 қаңтарда Кенжекөл ауылының Мәдениет үйінде Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің ұйымдастыруымен "Күй тартыс" байқауы өтті.
Байқау Президенттің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласы аясында өткізілді. Ол біздің халқымыздың мұрасы туралы жақсы білуге мүмкіндік береді. Домбыра - халқымыздың қасиетті аспабы, бұлжымас рухани және мәдени құндылығы, қайталанбастығымен ерекшеленеді.
Домбырашылар байқауына Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары, сондай-ақ №38 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары, «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиешісі қатысты. Байқау екі кезеңнен тұрды: 1 кезең – сүйікті күйлерін таныстыру; 2 кезең – музыкалық жекпе-жек. Байқау қорытындысы бойынша « Гран-при» иегері Рамазан Махамбет (№38 ЖОМ), 1 орынды Бейсенбай Жансая (КЖОМ), 2 орынды Жуманғазы Дильнәз (КЖОМ), 3 орынды Беркимбаева Сабина (КЖОМ) иеленді. Құттықтаймыз!
Күй тартыс-2020