"Ұлылардың ұлысы - Абай" байқауы
18 ақпанда Кенжекөл ЖОМ 5-8 сынып оқушылары арасында Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың күніне арналған "Ұлылардың ұлысы-Абай" атты сайыс өтті. Іс-шара қонағы педагогикалық еңбек ардагері Тұрлыбаева Тілектес Мұхаметқалиқызы болды. Байқау екі кезеңнен тұрды. І тур-викторина, ІІ тур-әндерді орындау, өлеңдерді мәнерлеп оқу, поэмалар мен Қара сөздерді мәнерлеп оқу. Байқау қорытындысы бойынша Гран-приді 8 сынып оқушылары жеңіп алды, І орынды 7 сынып оқушылары, ІІ орынды 5 сынып оқушылары, ІІІ орынды 6 сынып оқушылары иеленді.