"Инклюзивті білім берудегі оқытудың ерекшеліктері" тақырыбында мектепішілік семинар өткізілді
Мектебіміздің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жоспарына сәйкес, "Инклюзивті білім берудегі оқытудың ерекшеліктері" тақырыбында мектепішілік семинар өткізілді. Семинарға ЕББҚ оқушыларының сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, педагог-психолог, басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары және әлеуметтік педагог қатысты. Семинар барысында, әр педагог ЕББҚ оқушыларымен сабақта қолданып жүрген тәжірибелерімен бөлісіп, топта жұмыс жасады. Тәжірибе бөлісу барысында, әдіс-тәсілдердің тиімділігі сөз етілді.