Қайрымдылық - адамның асыл қасиеттерінің бірі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды «қайырымды адам» дейді. Оқушыларға қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиетке баулу – біздің басты міндет. Осы мақсатта 08.12.2022 ж № 25 ЖОББМ-де 5-6 және 10-11 сыныптар арасында Тәуелсіздік күніне орай «Мейірімді жүрек, аялы алақан» атты қайрымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде оқушылар өздері дайындаған өнімдерінен түскен қаражатты ата-ананың мейірімінсіз қалған балаларға көмек ретінде жұмасалады. Оқушылардың бастамасымен іске асырылған іс-шараға мектеп парламенті, ата-аналар қауымдастығы, мектеп әкімшілігі қолдау көрсетті.
Түскен қаржы мектеп парламенті және ата-аналар қауымдастығынан құралған комиссия мүшелері бірлесіп балалар үйіне жеткізеді.
Тәуелсіздік күніне орай «Мейірімді жүрек, аялы алақан» атты қайрымдылық жәрмеңкесі өткізілді