«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік.
02.02.2017 жылы «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігі салтанатты сап түзеу түрінде ашылды. Мақсаты: Оқушылар бойында жалпыадамзаттық құндылықтарын жарыққа шығару арқылы өзін де өзгені де тануға, түсінуге, сенімді болуға, өз ортасымен үйлесімді қарым қатынас жасай білуге дағдыландыру.
Жиынды директордың орынбасары Е.О.Уахитова, өзін-өзі тану пән мұғалімі А.Ш.Абдулина онкүндіктің жоспарымен таныстырып, оқушыларға онкүндікке атсалысып, белсенділікпен қатысуларына тілектер білдірді. Өзін-өзі тану пән мұғалімдері онкүндікке жоспар бойынша іске кірісті.