Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 65-18-37
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
2016 жылдың 3 қыркүйек күні №25 жалпы орта білім беру мектебінде «Бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасының өзара байланыс болашағы» атты бастауыштың 1-ші сыныптарында ата-аналар жиналысы өткізілді.
03-09-2016 07:11
2016 жылдың  3 қыркүйек күні №25 жалпы орта білім беру мектебінде  «Бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасының өзара байланыс болашағы» атты бастауыштың 1-ші сыныптарында  ата-аналар жиналысы өткізілді.
image (1)

Қазіргі таңда оқушылардың денсаулығын сақтау, білім мен салауатты өмір салтын қалыптастыру «Мәңгілік ел» патриоттарын заман талабына сай білім беру – күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан Жаңа ғасырда мектебіміздің есігін алғаш ашқан кезде ойымызға «Бүгінгі күні заманымызға сай оқушымыз қандай, ұстазымыз қандай, мектебіміз қандай болу керек ?»-деген сан сұраулар көкейімізде тұрады. Оқу-тәрбие үрдісінің сапасы мен нәтижесі ең алдымен алдымызда отырған өскелең ұрпақ пен соны өмірге жетелейтін мұғалім денсаулығына тікелей байланысты екені үнемі назарда ұсталады. Жыл басында 1-ші сыныпқа қабылданатын әрбір бала педагогикалық, психологиялық және дәрігерлік зерттеулерден өткізіледі.

1-ші сынып оқушыларының ата-аналарына төмендегі ережелерді ескеру қажет

  1. Бала зейінін 10-15 минут тұрақтандыра алатынын есте сақтаңыз. Сабақ дайындаған уақытта оқушыны 15 минуттан кейін сергіту сәтін ұйымдастыру қажет. Мыс. 10 рет секірту, музыка қойып билету. Үй тапсырмасын жазбаша жұмыстан бастау керек. Сабаққа дайындалу уақыты 1 сағаттан аспауы керек.
  2. Компьютер, теледидар және көзге күш түсіретін басқа да әрекет түрлері 1сағаттан аспауы тиіс.
  3. Оқудың бірінші жылында сіздің балаңызға өзіңіздің қолдауыңыз ауадай қажет. Мұғаліммен дұрыс қарым-қатынасқа түсу, сыныптастарымен достасу кезеңдерінен дұрыс өтуге әсер ету қажет.
  4. Сіздің қызығушылығыңыз бен қатысыңыз баланың танымдық процестерінің дамуына өте жағымды әсер етеді.Баланың бұл қабілетін сіз әрі қарай дамытып,бағыттауға міндеттісіз.
  5. Бала алдында мектеп пен мұғалімдер жайында теріс нәрселер айтуға жол бермеңіз.
  6. Балаңызды сыныптастарымен салыстырмаңыз, олар сізге өте сүйкімді болса немесе керісінше болса да. Сіз балаңызды қандай болса,сол қалпында сүйіңіз, қандай болса сол қалпында қабылдаңыз. Оны жеке тұлға ретінде сыйлаңыз.
  7. Өз талаптарыңызда бірізділікті сақтаған дұрыс. Егер де баланың өздігінен бір нәрсені істегенін қаласаңыз, көмек көрсетуге асықпаңыз, өзін ересек сезінуге мүмкіндік беріңіз.
  8. Балаңыздың қолынан бір нәрсе келмей жатса, ол жай нәрсе болып көрінсе де, оған түсіністікпен қараңыз. Шыдамды болыңыз. Қанша рет қайталауға болады? Сен қашан үйренесің?- деген сөздер тек ашуға әкеліп соғатынын естен шығармаңыз.

Құрметті ата – аналар!

Сіздің балаға деген сеніміңіз оған барлық қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Ата-аналар мен мұғалімнің арасындағы ынтымақтастық жарасымды,үйлесімді болып бір-бірлерін түсінушілікке бағыттаса, міндетті түрде оқушының дұрыс бағытта болуына жол ашылатыны сөзсіз. Егемен еліміздің әлемдік білім кеңістігіне кіруі Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру жүйесіне енуіміз бізге үлкен жауапкершілікке тартады. Сондықтан еңселі болашақтын тұткасын ұстайтын мұрагерлер бүгін мектеп табалдырығын аттап отырған сіздердің бүлдіршіндеріңіз. Олардың саналы да тәрбиелі инабатты да ақылды, мейірбанды, білімді, мәдениетті балалар шығаруға сіз бен біз болып ат салысайық.