«Нашақорлыққа қарсымыз!» тақырыбында дебат
№25 орта білім беретін мектебінде нашақорлық - ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу, оқушының ой-өрісін дамыту, іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу, болашақ маман иелерінде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында 8 а және 8 ә сынып оқушылары арасында «Нашақорлыққа қарсымыз!» тақырыбында дебат өткізілді, 8А сыныбы - «Парламент» фракциясы – нашақорлықпен күрес нәтижелі, «Оппозиция» фракциясы күрес нәтижесіз, ұстанымдарын қорғады. Оқушылар өздерінің білімдерін, ізденгендерін дебат барысында көрсете білді. Нәтижесінде 8Ә сынып оқушылары женімпаз аталды.