Телефон доверия
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Адрес: улица Майры, 49/1
тел. 62-78-01
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 16:00-18:00 Пятница: 10:00-13:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Елін сүйген Президент
04-12-2017 11:02
Елін сүйген Президент

Елін сүйген Президент

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні. Атаулы мереке мемлекет көлемінде түрлі іс-шаралар өткізілуімен ұласады. №25 ЖОМ-нде мереке қарсаңында арнайы жоспар құрылып, сол жоспарға сай апта бойы түрлі іс-шаралар өткізілді. «Елбасы – кемеңгер көшбасшы» атты 1-2 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған көрмеге оқушылар өздері салған суреттерді ұсынса, «Менің
Президентіме менің тілектерім» тақырыбында өткен өлеңдер сайысында 3-4 сынып оқушылары елбасымыз туралы жазылған өлеңдермен қатар өздерінің туындыларын да көрермендер назарына ұсынды. «Әлем таныған тұлға» атты 5 сынып оқушылары арасында өткен интеллектуалдық ойыны да өте мазмұнды, қызықты өтті. Елбасы, мемлекет, тәуелсіздік туралы жан-жақты ізденіп, дайындалып келген оқушылар арасында ойын тартысты өтті. Ойынға қатысушы оқушыларды қолдауға келген сыныптастары да ойын барысында көптеген мағлұматтар ала алды.
Ал 30 қараша күні мектебімізде 1-11сыныптар арасында «Елін сүйген Президент» атты бірыңғай сынып сағаттары өтті. Сынып сағатында бастауыш сынып оқушылары аталған тақырыпқа сай көптеген мәліметтер алса, орта буын, жоғары сынып оқушылары өздері ізденіп, қосымша ақпараттар әкеліп бөлісті. Топтық, жұптық, жеке жұмыстар, видеороликтер арқылы тақырыпты жан-жақты талқылап, көптеген тың қызықты деректерді ортаға салды.
Тарих пәнінің мұғалімдері ұйымдастырған «Елдік туын желбіреткен Елбасы» атты дөңгелек үстел барысында оқушылар өз білімдерін ортаға салып, ой бөлісуге мүмкіндік алды.
Сонымен қатар қараша айының 27-30 күндері аралығында мектеп фоелерінде елбасы туралы «Балалық шағымның аспаны» атты фильм көрсетілді.
Апта бойы Тұңғыш Президент күніне арналып ұйымдастырылған іс-шаралар оқушылардың патриоттық сезімдерін, Отанға, елге деген сүйіспеншіліктерін, оқу-білім, өнерге деген қызығушылықтарын арттыра түсетіні анық. Сондай-ақ, еңбекқорлық пен жауапкершілік сезімдерінің, адами жақсы қасиеттердің адам өмірінде алатын үлкен маңызы бар екенін ұғынуларына септігін тигізеді.