" Қыз өссе елдің көркі"
Балабақшамыздың даярлық "А" тобының тәрбиешілері Жакина А.А мен Байсакова Д.Г. "Қыз өссе елдің көркі" атты ана мен баланың қатысуында сайыс ұйымдастырды. Шараның мақсаты қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Сайысқа аналар өте жақсы дайындықпен қатысты. Мерекелік іс шара өте жоғары деңгейде өтті.
