Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87182321106
Адрес: Павлодар қаласы Ак.Бектуров көшесі 73
87182321106
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі 15.00-18.00 Бейсенбі 15.00-18.00
Ата жолы - ақ бата
18-03-2022 21:47
Ата жолы - ақ бата

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі аясында ұйымдастырылған, «Ақ бата» акциясын жалғастырамыз. Бата – халық қазынасы. Бата айтылатын үйден ырыс-несібе, береке кеткен емес. Салт-дәстүрлердің ішіндегі ең асылы, көңілдің сәнін келтіріп, өмірдің мәнін ұғындыратын рухани құндылығымыз. Оны кез-келген адам айта бермейді. Абыз ақсақалдар мен қариялардың батасын алу жақсылыққа бағаланады. Күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан ақ бата берудің, алғыс айтудың жас ұрпақты кішілік пен кісілікке тәрбиелеуде мәні зор. Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер! Қариясы бар үйдің – қазынасы бар! Аталарымыздың, әжелеріміздің ақ батасын алуға асығайық!