«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың «Табыс формуласы» жобасы аясында Павлодарқаласы балалармузыкамектебінің оқушылары «Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат - музыкалық колледж» кешенінің директоры Серік Қасымханұлы Сыздықовпен кездесті. Мақсаты - мектеп түлектерінің кәсіптік бағдарын, музыка туралы білімдерін кеңейту, музыкалық колледж студенттерінің жетістіктерімен танысу. 15 - мектептің болашақ түлектері, ZOOM, INSTAGRAM бағдарламасы бойынша – 150 оқушықатысты. Кездесу «ток-шоу» түрінде өтті. Диалог мазмұнды және қызықты болды. Мектептің болашақ түлектері қонақтан колледжге түсу шарттары,перспективалар, болашағы туралы сұрады, сонымен қатар оның болашақ жоспарлары, хоббиі, мансабы, білімі, балалық шағы қалай өткендігі туралы қызығушылық танытты. Студенттердің қызықты әрі мағыналы әңгімесіне алғыс ретінде Серік Қасымханұлы түлектерге тағыда кездесуге уәде берді. - Бұл қарым-қатынас формасы жасөспірімдер үшін пайдалы. Іскер, шығармашыл және білімді адаммен кездесу - өнеге алуға үлес қосатын үлгі», - деді басшының м.а Ольга Леонидовна Бобровская.
Жас музыканттармен кездесу