Бобровская Ольга Леонидовна
- 2009 жылдың қыркүйегінен бастап Павлодар қаласы әкімдігі, Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебі» МКҚК басшысы.
ҚБ АОӘО жанындағы музыка және көркемөнер бағытындағы қосымша білім беру ұйымдары директорларының республикалық үйлестіру кеңесінің мүшесі.
Мемлекеттік қызмет құрылымында жұмыс тәжірибесі бар Ольга Леонидовна балалар музыкалық білім беру саласында табысты жұмыс істей отырып, оқу орынның беделін арттыруға мүмкіндік беретін әкімшілікті, ұйымдастырушылықты басшы ретінде дұрыс қолдана біледі.
Басқарушылық қызмет стилі – демократиялық, мектепте ұжымды жоғары шығармашылық кәсіптерге бағыттай білетін, сенімді қарым-қатынас пен критериалды өзін-өзі бағалауға мүмкіндік береді.
Атқаратын лауазымдағы жұмыс жасаған кезеңде оның басшылығымен Павлодар қаласының ПКБАИ бірлесіп Павлодар облысының балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің фортопиано сыныбы бойынша педагогтардың ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді, онда өзінің оқушыларымен шеберлік сағатын өткізді.
Оқушылары мен педагогтары қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстарда өнер көрсетіп, жоғары нәтижелер көрсетті, бұл кезең мектептің оқу процесін ұйымдастырудың кәсіби қамтамасыз етілгенін растайды.
Қоғамдық ұйымдармен байланыс жасайды, мектеп мекемелерімен, мұражайлармен ынтымақтастықта.
Оның жұмысы ұйымдастырушылықпен, талап ету, өз-өзіне есеп беру, әдепті, сабырлы, қарапайым қарым-қатынастарымен ерекшеленеді.