«Өз еліңнің патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңде алып жүру...»
Н.А. Назарбаев
Біз барлығымыз – алып мемлекет Қазақстан Республикасының бір бөлігіміз. Біздің әрқайсымыз дүниеге келген сәттен бастап өз Республикасының азаматы боламыз. Бірақ туылу жеткіліксіз, азамат болуы керек. Бұл өз Отаныңды сүю, мақтан ету, заңдарды құрметтеу және сақтау, өз міндеттеріңді орындау, пайдалы болу, өз еліңнің қоғамдық өмірінде белсенді болу дегенді білдіреді.
Уақыт үнемі алға жылжып, әрқайсымыз үшін маңызды оқиғалар артта қалады. Кейбір мерекелерді ұмытпау керек, оларды есте сақтау қажет, оны лайықты атап өтіп, болашақ ұрпаққа жеткізу керек. Біз үшін мұндай шара - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.
2020 жылғы 1 желтоқсанда Павлодар қаласы, Балалар музыка мектебінде 6 шығармашылық ұжым мен 7 жеке орындаушылар қатысқан онлайн-концерт өтті. Концерттің барлық қатысушылары өздерінің орындаушылық шеберліктерін көрсетіп, көрермендерге сиқырлы әуендерден ләззат алуға мүмкіндік берді.
Мектеп оқушылары ерекше нөмірлерді дайындады. Қазақстан композиторларының әуендері орындалды, сонымен қатар классикалық, халықтық және заманауи музыкалар орындалды.Құрманғазы, Е.Үсенов, Н.Тілендиев, К.В.Глюка, Н.А.Римский-Корсаков, В.Темновтың шығармалары орындалды.
Музыка – бұл сиқыр, қуаныш пен шабыт көзі. Біздің өмірімізде жарқын түсті көңіл күймен толтырады. Шынында да, адамдар өнермен байланысқа түскенде жарқын сезімді бастан кешіреді.
Біздің әр оқушыларымыздың сурет салуға және шығармашылыққа деген құштарлығы бар. Біздің концерт балаларға үлкен сахнада өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік берді. Өздері үшін де, жақын адамдар үшін де өте маңыздысы - жас музыканттардың әртіс бола алатындығын көрсету. Оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында концертке түсініктеме беру кезінде ең басты назар Тұңғыш Президент тұлғасының егеменді мемлекет құрудағы рөліне аударылды.
Қазақстанның дамуы мен өркендеуі - бұл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың - әлемдік деңгейдегі саяси қайраткердің орасан еңбегі. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның алға жылжуы Президенттің басшылығының арқасында мүмкін болды.
Жер шарында өмір сүретін әрбір адам өз Отанына, халқына және еліне, өз жері мен тарихына деген мақтаныш сезімін сезінеді. Біздің бүгінгі балаларымыз жарқын болашақ құру үшін өткенді еске түсіріп, бүгінді білуі керек.
Біздің Республикамыздың ертеңгі күнін біздің балаларымыз жасайды.Аға ұрпақ олардан ғана үміттенеді, өйткені бәрі біздің мемлекетіміздің, көп ұлтты үйіміздің қандай қолдарға түетініне байланысты.Бұл қолдардың мейірімді, сезімтал және еңбекқор болғанын қалаймыз.Біздің оқушылар өмірде тек БЕЙБІТШІЛІК пен ЖАҚСЫЛЫҚ жолымен жүрсе екен дейміз! Барлық концерт қатысушыларына мереке, эмоциялар және көңіл-күй үшін рахмет!