Телефон доверия
8(7182)300762
Адрес: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Шығармашылық кездесу
22-04-2021 09:18
Шығармашылық кездесу

21 сәуірде Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінің кіші залында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Павлодар облысы Иса Байзақов атындағы филармония Рүстембек Омаров атындағы Қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі Талғат Баритұлы Кәрімовпен және Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінің және құрылымдық бөлімшелерінің оқушыларымен кездесу өтті. Кездесу жылы және жайлы атмосферада өтті, оқушылар өздері үшін көптеген қызықты және пайдалы ақпараттарды білді, қонағымыздың өмірімен және шығармашылығымен танысты, концерттің жазбаларын, оның шетелдегі қойылымдарын тыңдады. Талғат Баритұлы өнердегі жетістіктерімен бөлісті, мемлекет басшысының алдында өнерін паш еткен кезін еске алды. Осы кездесуде оқушылар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, жерлесіміз Каримов Талғат Баритұлынан өз сұрақтарына толық жауап алды, кеңестер мен ізгі тілектер алды.
Жауаптылар: Кенжекөл ауылы құрылымдық бөлімшесі Павлодар қаласы балалар музыка мектебі. Қонақпен әңгімелесуді домбыра сыныбының педагогі Кабдрашит Гульназ Русланқызы жүргізді.