Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас музыканттардың қысқы демалысы
13-01-2022 10:55
Жас музыканттардың қысқы демалысы

Қысқы демалыс күндері Павлодар қаласының малалар музыка мектебінің оқушыларымен олардың бос уақытын ұйымдастыру және қызығушылықтары бойынша жұмыспен қамту бойынша жоспарлы ойын-сауық іс-шаралары өткізіледі.Оқушылар үлкен белсенділікпен және ынтамен, шығармашылық көзқараспен кәсіби конкурстарға, концерттерге, сәндік-қолданбалы шығармашылықтың түрлі заттарын дайындауға қатысады.

Оқушылар «Жаңа жылдық тосын сый» атты вокалдық байқауға қатысты. Олардың орындауында халық, заманауи және классикалық әндер шырқалды.Мектепте «Қысқы ертегілер»,«Рождественские встречи» мерекелік концерттері өтті.Мектептің жас көрермендері талантты вокалистердің, аспапшылардың, шығармашылық ұжымдардың орындауларын үлкен қызығушылықпен тыңдады. Қазақ, орыс және шетел композиторларының музыкасы орындалды. Жас музыканттар түрлі аспаптарда ойнау өнерін меңгергендерін көрсетті.

«Музыкалық ашық хат» жобасы аясында 10-14 жас аралығындағы 9 оқушы құрамындағы «BRIGHT» вокалдық ансамблі педагог Аллахвердиева Дариға Булатқызымен, 12-14 жас аралығындағы 8 оқушы құрамындағы «Забава» қасықшылар ансамблі педагог Иванова Светлана Васильевнамен, 9-13 жас аралығындағы 12 оқушы құрамындағы «Allegro» скрипкашылар ансамблі педагог Гагарина Ольга Владимировнамен бірге жаңа жылдық құттықтаулармен өнер көрсетті, солистер Муксинова Энджия, Черевко Таисия, 10 жаста.

«Қысқы ойындар» челленджіне 15 оқушы қатысты, әсіресе қарлы ойын қызықты өтті, қатысушылар сергектік пен жақсы көңіл - күй алды.

«Біздің отбасылық дәстүрлеріміз» жобасы аясында оқушылар мерекелік бұйымдар мен әшекейлер дайындаумен, «Жаңа жыл - отбасылық мереке!»фотоколлаждар құрастыруымен айналысты.Анна мен Ксения Южаковтар, Панихин Андрей, Кадочникова Ульяна, Панфилова Анастасия, мектеп педагогы Процкая Наталья Викторовна түсірген фотосуреттер бойынша өз отбасылары, отбасындағы дәстүрлер туралы айтып берді.Қолөнер бұйымдарының «Барлығына бір хобби» сәндік-қолданбалы көрмесі үшін барлығына аққала жасау ұсынылды.Аралас техникада мата, киіз, мақта, пластилин, қағаз, бисер, табиғи материалды қолдана отырып, 38 қолөнер жасалды.

- «Қысқы демалыстағы барлық іс-шаралар балалар үшін қызықты әрі пайдалы өтті.Айта кету керек, іс - шараларды өткізу формаларының әртүрлілігі балалардың демалысын кәсіби жағынан да, қызығушылықтары бойынша да шығармашылық етуге мүмкіндік береді", - дейді мектеп басшысының орынбасары Нұрлан Бақытұлы Қайшанов.