Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)300762
Адрес: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
«Концертмейстердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру»
13-06-2022 10:08
«Концертмейстердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру»

2022 жылғы 6-17 маусымда Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінде «Концертмейстердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтуде. Курстар ҚР БҒМ тапсырысы бойынша РҚББОӘО ұйымдастырылды.
Балаларға қосымша білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін Павлодар қ. БММ басшысының м.а. Ольга Леонидовна Бобровская ҚР БҒМ «Друг детства» РҚББОӘО медалімен марапатталды. БММ ұжымы Ольга Леонидовнаны лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды және оның еңбегін жоғары бағалағаны үшін ҚР БҒМ РҚББОӘО директоры Шер Раиса Петровнаға алғыс білдіреді!
ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының көркемдік-эстетикалық бағыт бөлімінің басшысы Калимбекова Дина Калимбековна курс тыңдаушыларын сабақ кестесімен таныстырып, ұйымдастыру жиналысын өткізді. Жұмыс екі топта өтеді: 25 қатысушы қазақ тілінде, 25 қатысушы орыс тілінде. Бірінші дәрістің тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы балаларға қосымша білім беру: жағдайы және даму болашағы».