Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Адрес: Республика Казахстан, 140000, г. Павлодар ДМШ ул.Машхур Жусупа, 33; Структурное подразделение ДМШ ул. Камзина, 78; Структурное подразделение ДМШ ул. Бакинская, 4; Структурное подразделение ДМШ с.Кенжеколь, Кенжекольская, 5
300764, 300762, 300761
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қаланың музыка мектебінде республикалық курстар өткізілді
21-06-2022 08:32
Қаланың музыка мектебінде республикалық курстар өткізілді

Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінде 2022 жылғы 6-17 маусымда Қазақстанның 13 жалпы білім беретін орта мектептерінен, 11 өнер мектебінен, 14 музыка мектебінен, 1 оқушылар сарайы мен 1 балалар жасөспірімдер шығармашылығы орталығынан 50 қосымша білім беру педагогтары үшін «Концертмейстердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» Республикалық біліктілігін арттыру курстары өтті.

– Біздің мектептің курстар өткізу базасы кездейсоқ емес еді. Бұл республикадағы ең үздік мектептердің бірі.Курстар барысында тыңдаушылар оқу-материалдық базамен, оқу құжаттамаларымен танысты, тәжірибелі ұстаздарымыз өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті, теориялық және практикалық сабақтарды өткізуге қатысты, – дейдіПавлодар мектеп басшысының м.а. Ольга Леонидовна Бобровская.

Теориялық және тәжірибелік сабақтарда қосымша білім беретін 13 педагог, Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Балалар музыка мектептерінің, Алматы қаласы Бостандық ауданы № 3 оқушылар үйінің концертмейстерлері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Павлодар облысы бойынша филиалының, Павлодар педагогикалық университетініңжоғары педагогикамектебінің оқытушылары өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.Оның ішінде теориялық бөлім курстарында Павлодар мектебінің педагогтары «Қазақстан Республикасында балаларға қосымша білім беру: жағдайы және даму болашағы», «Балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың қызметін реттеудің заңнамалық және нормативтік құқықтық негіздері», «Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар» тақырыптарында баяндамалар жасады - Ольга ЛеонидовнаБобровская, «Балаларға қосымша музыкалық білім беруді дамытудың міндеттері мен келешегі»,«Педагогикалық және әдістемелік технологиялар», «Балаларға қосымша музыкалық білім беру тәжірибесінезаманауи педагогикалық технологияларды енгізу» - Қуаныш Мейрамұлы Ермекбаев, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында «Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеудің өзекті мәселелері», «Қосымша музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің заманауи үрдістері: тәжірибе, мәселелері, болашағы» - Қайшанов Нұрлан Бақытұлы.

Тәжірибелік бөлімде «Концертмейстердің жеке орындаушылармен және вокалдық ансамбльмен жұмысқа шығармашылық қатысуы - педагогикалық, психологиялық, шығармашылық функциялар. «Концертмейстердің балалар хорымен жұмысы», «Концертмейстердің вокалистермен жұмыс істеу ерекшеліктері», «Концертмейстердің педагогпен жұмысы. Оқушыларды вокалды-хор орындаушылығын оқытуда STEAM технологиясын пайдалану» - Марина Юрьевна Бойко, «Хореография сыныбындағы концертмейстер жұмысының ерекшеліктері», «Балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің аспаптық сынып оқушыларының концерттік іс-әрекетіндегі концертмейстердің рөлі», «Сабақта педагогпен және оқушылармен концертмейстердің жұмысы» - Анна Валерьевна Шубладзе, «Концертмейстер жұмысының міндеттері мен ерекшелігі», «Концертмейстердің кәсіби қызметіне қажетті қабілеттері, біліктері және дағдылары»,«Концертмейстердің қазақ халық аспаптары солистерімен жұмысының ерекшелігі» - Дмитрий Станиславович Масленнико вқатысушыларға мектеп оқушыларының концерттік тәжірибесінің оқу бағдарламасы бойынша сабақтарға қатысу ұйымдастырылды.