6 желтоқсанда Құрманғазы атындағы балалар музыкалық мектебінде «Кездесуге қадам» жобасы аясында 2018 жылғы мектеп түлектерімен, ал қазір «Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» ММ-нің 4 курс студенттерімен шығармашылық кездесу өтті. Әубәкіров Айдос – «ҚР 100 студенті» ТОП жобасына кірді, студенттік парламенттегі мәдениет министрі, «BOOK FOR ME» жобасының төрағасы, студенттік өзін-өзі басқару көшбасшыларының бірі болып табылады. Қаратай Нұрбол-халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, студенттік парламенттің президенті, «ҚАҒАН» этно-фьюжн ансамблінің қатысушысы. Балалар колледждегі шығармашылық өмірі туралы айтып, музыкалық мектептегі оқуын еске алып, педагогтарына алғыстарын білдіріп, сұрақтарға жауап беріп, болашақ түлектерге-мектеп оқушыларына тілек сөздерін айтты.
06.12.2022