2023 жылдың 4 ақпанында Құрманғазы атындағы балалар музыкалық мектебінде Павлодар қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінің ансамбльдік ұжымдары арасында "Саз керуені" фестиваль-конкурсы өтті. Конкурстың мақсаты: орындаушылық өнер саласындағы ең талантты және болашағы зор балаларды, педагогтар мен ұжымдарды іздеу және жан-жақты қолдау. Конкурсқа 7 мектептің ұжымдары қатысты: ЖОББМ №26, 29, 35, 30, 24, М. Әуезов атындағы және № 3 гимназия.
Конкурс бағдарламасын тәуелсіз қазылар алқасы бағалады, оның құрамына "Шаңырақ сазы" фольклорлық ансамблінің жетекшісі, мәдениет үздігі Садықов Ризолла, Кенжекөл ауылындағы Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінің құрылымдық бөлімшенің басшысы Шамшия Рахымжанқызы Джагопарова, қазақ халық аспаптары бөлімінің меңгерушісі Гаухар Арғынқызы Абжанова кірді.
Конкурс жеңімпаздары мадақтамалармен марапатталды.
"Саз керуені"