Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)300762
Адрес: Республика Казахстан, 140000, г. Павлодар ДМШ ул.Машхур Жусупа, 33; Структурное подразделение ДМШ ул. Камзина, 78; Структурное подразделение ДМШ ул. Бакинская, 4; Структурное подразделение ДМШ с.Кенжеколь, Кенжекольская, 5
300764, 300762, 300761
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Жас музыкант
27-02-2023 15:40
Жас музыкант

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы балалар музыкалық мектебінде 2023 жылғы 15-16 ақпанда жас музыканттардың IV мектеп фестиваль-конкурсы өтті. 18 жеке орындаушы және 2 хор ұжымы қатысты. Мақсаты-дарынды балалар ұжымдарын дамыту және қолдау, шығармашылық белсенділікті, кәсіби бағдарлауды ынталандыру.
«Фортепиано» номинациясына қатысушылар үш жас санатында – кіші (7-9 жас), орта (10-12 жас) және ересек (13-17 жас) өнер көрсетті.
Конкурс қорытындысы бойынша хор ұжымдары арасында бір бірінші және бір екінші орын. Жеке орындаушылар арасында үш бірінші, төрт екінші және жеті үшінші орын, сондай-ақ қатысқаны үшін төрт сертификат. Конкурстың барлық лауреаттары мақтау қағаздарын, кубокты алды, енді олар қаланың намысын қорғай отырып, Облыстық жас музыканттар конкурсына қатысатын болады.
«Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешенінің оқытушылары құрамындағы қазылар алқасы қатысушылардың жоғары білім деңгейін, сахналық ұстамдылығын, әртістігін, аспапты шебер меңгергендігін атап өтті.