Мектептің ғылыми-әдістемелік қызметі әдістемелік қызмет жүйесін жаңғыртуға бағытталған. Мектептің даму перспективалары, жаңарту стратегиясын әзірлеу кәсіби-педагогикалық құзыреттілік деңгейіне және оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуге байланысты. Педагогикалық ұжым жұмысының басым мақсаты: «Білім алушылардың шығармашылық музыкалық қабілеттерін дамыту».
Бейінді оқу орындарымен әлеуметтік әріптестік жүйесі бірқатар іс-шаралар өткізу арқылы жүзеге асырылады.
Мектеп бітірушілерді бөлу және студенттердің педагогикалық тәжірибесін өткізу мәселелері бойынша «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты» ММ, Торайғыров атындағы университеттің аспаптық орындаушылық кафедрасымен өзара іс-қимыл жасайды.
Мектептің білім беру үдерісі дамытушылық оқыту тұжырымдамасына негізделген. БММ-ның білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларының құрылымы мен мазмұны музыка мектептерінің білім беру қызметінің қазіргі заманғы түрлеріне бағдарланады.
