Сенім телефоны
8(7182)300762
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Павлодарлық жас музыканттардың жетістігі
28-08-2025 16:37
Павлодарлық жас музыканттардың жетістігі

2025 жылғы 25 тамызда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен қашықтықтан форматта балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің оқушылары арасында республикалық фестиваль-конкурс өтті.

Конкурстың мақсаты - дарынды балаларды қолдау, олардың шығармашылық белсенділігі мен кәсіби бағдарын дамыту.

Биылғы жылы конкурсқа 10 000-нан астам оқушы қатысты, оның 660 жас музыкант республикалық кезеңге өтті. Конкурсқа қатысушылар қазақ және орыс халық аспаптарында (домбыра, қобыз, жетіген, баян, балалайка, гитара және т.б.) өз шеберліктерін көрсетті.

Конкурс қорытындысы бойынша 68 жеңімпаз анықталды. Олардың арасында Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінің оқушылары бар.

Конкурстың ең басты жүлдесі - Бас жүлде жүлдесін Жанбосинова Айша (қобыз), педагог Умиткуль Койшибаевна Жумашова және "Маэстро" гитаристер ансамблі, жетекшісі Берік Оралтаевич Жупашев иеленді. 1 орын-оқушылар Кабир Дания (қобыз), педагог Айнур Бакытовна Канаева, Сосфёнов Макар (гитара), Южакова Ксения (гитара), педагог Берик Оралтаевич Жупашев. 2 орын - Волков Егор (баян), педагог Марина Васильева Семёнова.

"Біз жеке орындаушылар мен гитаристер ансамблі осындай беделді конкурста өз кәсібилігін көрсетіп, жоғары марапаттарға ие болғанына өте қуаныштымыз", - дейді басшының орынбасары Елена Владимировна Поршнева.