VII-ші мектеп фестиваль-конкурсы
2026 жылдың 11 ақпанында Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінде жас музыканттардың, фортепиано және хор ұжымдарының оқушыларының VII-ші мектеп фестиваль-конкурсы басталды.
Фестиваль-конкурстың мақсаты-оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, олардың орындаушылық шеберлігін арттыру, музыкалық дарынды білім алушыларды, дарынды балалар ұжымдарын дамыту және қолдау, олардың шығармашылық белсенділігін, кәсіби бағдарлануын ынталандыру.
