Музыка мектебіндегі педагогикалық креатив
2026 жылдың 28 қазанында Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінде "Музыка мектебіндегі педагогикалық креатив" атты қалалық конференция өтті.
Осы конференция аясында мектеп педагогтері өздерінің кәсіби баяндамалары мен әдістемелік әзірлемелерімен сөз сөйледі.
Іс-шара Құрманғазы атындағы БММ-нің музыкалық білімге креативті тәсілдерді енгізуге бағытталған әдістемелік жұмысының бір бөлігі болды.
