Жақында Ақсу қаласында «Ертіс шапағаты» жас дарындар конкурс-фестивалі атты байқауы өтті. Оған Астана, Қарағанды, Павлодар, Екібазтұз, Ақсу қалаларынан және аудандардан ұжымдар қатысты , сонымен қатар Ресей елінен Омбы мен Құлынды қалаларының қатысушылары да болды. Сайыстың ережесі бойынша әр ұжым 20 минут ішінде бірнеше жанрда концерттік бағдарлама көрсету керек болды.
Олардың арасында Павлодар қаласының №1 Қурманғазы атындағы музыка мектебінің Г.А. Абжанова жетекшілік ететін «Кербез» атты домбрашылар ансамблі және И.В.Кузякин жетекшілік ететін орыс ұлт-аспаптар ансамблі оқушылары өнерлерін көрсетті.Сонымен бірге жеке орындаушылары да болды: домбыра аспабында Якупова Жанель және әнші Новосельцев Роман.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Кербез» ансамблі «Үздік домбрашылар ансамблі» атағына ие болды.