2012 жылдың 18 қазанында қалалық орталық П.Васильев атындағы кітапханада № 7 ЖОШ 8-9 сынып оқушылары үшін бүкіл әлемдік музыка күніне арналған концерт - лектория өткізілді.
Жүргізуші - Марина Викторовна Голубцова қатысқандарды мерекемен құттықтап, бұл күннің маңыздылығын түсіндірді. Содан соң лекция өткізілді- әңгіме музыка адамның жұмыс жоспары мен шығармашылығына қалай әсер ететіндігі, музыканың стил мен бағыттарына қарай ықпалы және музыканың адамның көңіл күйіне қалай әсер ететіндіктері туралы өтті.
Құрманғазы ат. №1 Балалар музыка мектебі педагогтары мен оқушыларының орындауларында әлемдік классикадан, қазақ және заманауи музыкалық шығармалары орындалды. Көрермендер барлық концертке қатысушыларды жылы ықыласпен қабылдады. Орындаулар аплодисменттермен жалғасып отырды.
Музыкалық викторинаға қонақтар мен қатысушылар қатысты. Ең белсенді қатысушылар жүлделер алды. Шараның соңында № 7 ЖОШ оқушылары танымдылық лекция мен қызықты концерт үшін алғыстарын айтты. ЦГБ қызметкерлері алғыс хаттар ұсынып, №1 БММ оқытушыларының бірге жасасқан қызметтеріне алғыстарын білдірді.