Кеш бойында нағыз жылы отбасылық атмосфера сақталынды. Конкурсанттар ұсынылған тапсырмаларға шығармашылықпен, ерекше қызығушылықпен қарады. «Балалар әндері тақырыбына фантазиялау» конкурсында, балалар әннің мазмұнын түрлендіре суреттеді, ал үлкендер ол әннің атын табуға тырысты. Әннің атауын тапқаннан соң, барлық қатысушылар анықталған әнді бірге орындады. «Эрудиттар сайысында» әр отбасы өздерінің интеллектуалдық қабілеттіліктерін, композиторлардың өмірі мен шығармашылығы туралы, музыкалық аспаптар туралы білімдерін көрсетуге мүмкіндік алды. Нотаның атауына енетін әріптерден көп сөздер құрастыру тапсырмасы – оқушылар мен олардың ата-аналарының ойлау қабілеттіліктерінің қаншылықты дамығандығына, қазылар алқасының көзі жетті. Конкурстың аяғындағы қорытынды: әр отбасы жеңіске лайықты деп шешілді!