Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Әрқашан күн сөнбесін»
12-06-2014 09:20
Әрқашан күн сөнбесін»

 

          Құрманғазы ат.№1 БММ жанындағы «Сириус»  мектептің профильдік лагерінің жоспарланған жазғы шарасының бірі Шафер үй мұражайына баруға негіз болды. «Күн әлемі»  - Аркадий Островскидің 100-жылдығына арналған Шафер үй мұражайының лагерлері үшін өткізілген шара осылай аталады.

            Мұражайдың  директоры  Корешкова Татьяна Сергеевна шараға қатысушыларға ПМПИ негізінде құрылған керемет профессор, музыковед, И.О.Дунаевскидің шығармаларын зерттеуші, композитор Н.Г.Шафердің қорында 27 мыңнан астам грампластинкалары бар Қазақстандағы жалғыз грампластинкалар мұражайы туралы әңгімелеп берді.

             Лекция-әңгіме белгілі композитор, тамаша әндердің авторы, әндерін бірнеше ұрпақтар сүйіп айтып келе жатқан  Аркадий Островскидің шығармаларына арналды. Алдыңғы қатарлы  Т.С. Корешкованың лекциясында композитордың әндерді қалай жазғаны, оның әндерінің неліктен тез есте сақталатындығы және әлі күнге дейін жұрттың айырылмас  достарына айналды.

            Жазғы мектеп лагерінің концерттік залының аудиториясы педагогтар, ата-аналар және балаларға толды, А.Островскидің ең жақсы әндерінің жазбалары тыңдалып, жүргізушілермен талқыланылып отырды.                             Шараның екінші бөлімі Құрманғазы ат.№1 БММ  арнайы фортепиано бөлімінің педагогы Галина Григорьевна Рыльскаяның тәрбиеленушілерінің орындаулары болды. Концертте Баяндина Толқын, Зайкинова Дариға, Городилова Алина, Шатоба Анна, Макаров Александрдың орындауларында  А. Исакованың, Н.Сильванскидің, А.Ребиковтың, В. Лепинның, Б. Савельевтың т.б. шығармалары болды.  

           Әлемнің үздік төрт әндерінің біріне енген,  Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенованың мемлекеттік тілде орындаған А. Островскидің «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен «Күн әлемі»  шарасы аяқталды.  Т.С.Корешкова балаларға жақсы жаз күндерін, демалыста есте қаларлық жаңа әсерлер алуына тілек білдірді. Сыйлық ретінде мектептің тәрбиеленушілері «Қуаныш баспалдағы» Халықаралық жазушылар гильдиасымен дайындалған үздік балалар дискілерін алды