Павлодар қаласындағы Құрманғазы атындағы №1 музыка мектебінде 11.08.2014ж. «Сириус» жазғы лагерінде ұлттық көне музыкалық жетіген аспабы бойынша шығармашылық кездесу өткізілді. Кездесуді Құрманғазы атындағы консерваторияның түлегі, қазір «Отырар сазы» этнографиялық – фольклорлық оркестрінің солисі Гүлжанат Кульжанова өткізді.
Шеберлік сабағында Гүлжанат Кульжанова оқушыларға жетіген аспабының шығу тарихы туралы әңгімеледі. Жетігенде орындалатын Н.Тілендиевтің жетігенге лайықтап, өңдеген «Аққу», «Аңшының зары», халық күйі «Мұңлы қыз», т.б. шығармаларды орындады.
Сонымен қатар жетігенде музыкалық шығармаларды жеке және оркестрмен орындаудың қыр-сырын айтып берді. «Жетіген тек топпен, оркестрмен ғана шығарма орындайтын аспап емес, жетігенде жеке орындалатын да шығармалар баршылық» дейді ол.