Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)300762
Адрес: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
«Пианист-виртуоз» атты мектеп конкурсы
06-11-2014 04:13
«Пианист-виртуоз» атты  мектеп конкурсы

30 қазанда фортепиано бөлімінде  жасына қарай 5 топтың арасында сол қолмен орындауда «Пианист-виртуоз» атты конкурс өтті. Осы конкурсты ұйымдастырушылардың алдына қойған негізгі мақсаты, түрлі музыкалық қабілеттіліктері бар топтағы оқушыларды қызықтыру. Дарынды балаларды тауып оларды мадақтау - олардың жарыстарға деген ұмтылыстарын дамытады, орындаушылық репертуарларын кеңейтеді және сценалық шыдамдылығын нығайтады.

Лауреаттардың есімдерін атағымыз келеді:

Iорынды 2 сынып оқушысы Меруерт Смаилова алды.

IIорынды Жылкқыбаева Адия (3 сынып), Халимон Карина (3 сынып), Катранжиева Ромина (4 сынып), Гуторова Анастасия (5 сынып), Рудишева Диана (5 сынып), Шалабаева Камила (5 сынып),  Шамшиден Алуа (IIIкурс), Окульская Юлия (6 сынып) бөлісті.

IIIорын Тумамбаева  Данара (2 сынып), Ким Людмила (3 сынып) лайық деп шешілді.

Қалған балалар естелікке сыйлықтар алды.

«Біздің балалар осындай конкурстарға дайындалып, қатысуларымен орындаушылықты кәсіби үйренулерімен бірге, бүгінгі қосымша білім берудің артықшылығы болып табылатын жоғарғы өнерді сүйуші және бағалай алушылары бола алады» – деп осы шараға бөлімнің педагогтары түсінік берді. Бөлімдегі әр конкурс әрбір қатысушы және оның педагогының мерекелік шарықтауы болады.