Павлодарда жыл сайынғы «Екі жұлдыз» қайырымдылық екінші шоу-жобасы кәсіби музыканттар және облыста белгілі тұлғалар: коммерциялық және коммерциялық емес басшылар, дәрігерлер, юристер, фотографтар, мемлекеттік мекемелер өкілдерінің қатысуымен өтті. Жобаның продюсері және басқарушысы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Павлодар облысының АДЖК мүшесі – Ляна Логунова. Жобаның ұйымдастырушысы – Павлодар облысының Қазақстандық іскер әйелдер ассоциациясы.
Концертке 23 жарық дуэттері қатысты. Естай атындағы ҚМҮ сахнасында «Вечная любовь», «Малиновка», «Ты меня на рассвете разбудишь», «Чайхана» және т.б. көптеген әндер шырқалды. Концерттің жүру барысында SMS-дауыс берудің нәтижесі бойынша, жобаның жеңімпазы болып дуэт, құрамында Павлодар облысының АДЖК мүшесі, «Лима» перде ательесінің директоры Анастасия Лим және біздің Құрманғазы ат.№1 музыка мектебінің балалар хоры (жетекшісі Ксения Миронец) атанды. Олардың орындауында «Куда уходит детство?» (музыкасы А. Зацепиндікі, сөзі Л. Дербеневтікі) әні орындалды. Кешке келген көрермендерді балалардың таза дауыстары, көңіл жібітетін орындаушылығы немқұрайды қалдыра алмады.
Концерттен түскен барлық қаражат ауру балаларға жіберілді. «Екі жұлдыз» шоу-жобасы – бұл балалардың емделуіне қажетті жақсы мүмкіндік, әр адамға өзінің ең жақсы: адамгершілік, қайырымдылық, рақымдылық және бей-жай еместік қасиеттерін көрсету болып табылады.