2015 жылдың 5 - 9 қаңтар аралығында Павлодар қаласы Құрманғазы ат.№1 Балалар музыка мектебінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қосымша білім беру Республикалық оқу-әдістемелік орталығымен «Вокалдық-хорда ән айту тұлғаның рухани-адамгершілігін тәрбиелеу түрі секілді» біліктілігін арттыру курсы өткізілді.
Курстың тыңдаушылары Ақтау, Арқалык, Жезқазған, Қараганды, Қостанай, Семей, Петропавловск, Павлодар, Екібастуз, Ақсу, Павлодар облысы аудандарының музыка мұғалімдері, жалпы білім беру мектептерінің, колледждердің басшылары, қосымша білім беру педагогтары болды.
Біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы білім берудің қажеттілігіне және педагогтардың кәсіби-тұлғасының үзілмес дамуына, еліміздің инновациялық даму жағдайындағы бәсекелестік пен құзіреттілігін қамтамасыз етуге бағытталған.,
Курстың тыңдаушылар бағдарламасының келісімімен «Кешен «Дарынды балаларға арналған музыкалық колледж - музыкалық мектеп», А.П.Чехов ат. облыстық драма театры, «Гармония» медицина орталығы, №9 гимназия-мектебі, Павлодар қаласының №1 музыка мектебінің баяндамалары, шебер-сыныптары, ашық сабақтары көрсетілді.
Курс аяқталған соң қатысушыларға Республикалық қосымша білім беру орталығының сертификаттары ұсынылды.