Жаңа жыл қарсаңында мектебімізде жыл сайынғы «Ашық есік» апталығы бастау алды. Әр бөлімде педагогтар әңгімелесу-концерттер, дөңгелек үстелден танымдық ойындар мен интерактивті дәрістерге дейін іс-шараларды өткізудің дәстүрлі емес нысандарын таңдауға тырысты. Өткен жыл фортепиано бөлімінде конкурстар және концерттердің көптігімен есте қалды, оның ішінде, 50-ші Жас музыкантшылардың облыстық конкурсында балалар лауреаттар қатарында болды. Бөлім меңгерушісі С.С. Камкина ата-аналарға осы және өзге де табыстар туралы айтып берді. Оның «Атқарылған жұмыс туралы есебін» бастауыш сынып хорының жетекшісі В.Ю. Бубнова, теориялық бөлім педагогы Е.М. Тарасенко жиналғандарға сольфеджио, музыкалық әдебиет, хор сабақтары секілді пәндердің маңыздылығы туралы сөздерімен жалғастырды.
Одан әрі балалар және ата-аналарға үй тапсырмасын ұйымдастыру, баланы музыка сабағына деген ынтасын арттыру, бұл сабақтарды қалай қуанышқа толы етіп өткізуге болатыны жөнінде айтылды (жауапты Т.В. Яловцева). Іс-шара қиындату принципі б
ойынша құрылған фортепиано бөлімі оқушыларының концертімен аяқталды. Концерт аяқталғаннан кейін ата-аналар айтқандай, балалардың қызығушылығы, мектебіміздегі болашақты: бірінші сыныптан бітіргенге дейін, яғни, бірінші музыка мектебі туы намысының қалада ғана емес, республикада да қорғалуын көреміз.