Телефон доверия
8(7182)300762
Адрес: Республика Казахстан, 140000, г. Павлодар ДМШ ул.Машхур Жусупа, 33; Структурное подразделение ДМШ ул. Камзина, 78; Структурное подразделение ДМШ ул. Бакинская, 4; Структурное подразделение ДМШ с.Кенжеколь, Кенжекольская, 5
300764, 300762, 300761
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Желтоқсан желі
21-12-2016 04:41
Желтоқсан желі
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі – бұл Республиканың басты ұлттық мейрамы. Еліміз биыл 25 жылдық мерейтойды тойлауда. Бұл мерекеге орасан зор іс-шаралар жоспарланған, мысалы: шерулер, концерттер, флешмобтар, көрме және спорт жарыстары. img_2805Мерейтойды атап өту аясында Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде 2016 жылғы 16 желтоқсанда «Еркiн жел» концерт-конкурс өтті. Оған халық және ішекті аспаптар бөлімінің оқушылары қатысты. Балалар мерекеге дайындала жүріп, қазақ және орыс тілдерінде өлеңдер және мақал-мәтелдерді айта жүрді. Қазақ халық әндері, Абай, К.Күмісбеков шығармалары, әлем халықтарының музыкасы орындалды. Жас музыкантшылардың өнер көрсетуі қызықты конкурстар, ойындар мен танымдық викториналармен араласып отырды, мұнда балалар Қазақстан халықтарының тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрлерінен білімдерін сынады.img_2812 Іс-шараны ұйымдастырушылар Ольга Владимировна Гагарина, Иван Вячеславович Кузякин эстетикалық тәрбие арқылы патриоттық сезімді қалыптастыратын тамаша атмосфера жасауға тырысып бақты. Бағдарлама керемет көңіл-күйде өтіп, бәрін біріктіре алды. Конкурс қатысушылары тәтті жүлделермен ынталандырылды.