Менің Отаным - Қазақстан
Қатысушылар конкурсқа шығармашылықпен дайындалды. Жарқын костюмдер, туған жер, әлем, мейірім мен әдемілік туралы көңіл толқытар әндерді орындау, туған елдің тарихы мен мәдениетін білу залда бірліктің бар екенін байқатты. Жан-жақты қазылар алқасы конкурсанттардың музыкалық деңгейін, дыбыс сапасы, тембр әдемілігі, образды шығармашылықпен көрсеу, ел тарихын білу деңгейін бағалады. Конкурстың қорытындылары бойынша: І орында - Досанова Дина, Жунусова Аделя, ІІ орында - Рудик Яна, Лосева Дарья, вокал триосы - Новосельцев Роман, Келден Әлихан және Ляхов Артем, ІІІ орында - Каркада Анастасия, Бекімұрат Әділ, Скорикова Мария, Кузьмина Влада.
Барлық қатысушылар, конкурс жеңімпаздары грамоталар және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
