Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналады
Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде балалар филармониясының жұмысы жалғасуда. 23 қарашада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде «Ежелгі аңыз күйлерге» арналған № 43 ЖОМ 2-3 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Балалар XVIII-XIX ғасырларда қазақтардың өмірі мен тұрмысын бақылаған кірме ел, музыканың таңғажайып шығу тегі туралы қазақ халқының ерекше аңызын, халықтың суырып салма өлеңге ұмтылуын таң-тамаша қалып тыңдады. Қазақфильм студиясы 1968 және 2003 жылдары ежелгі қазақ аңызының желісімен түсірген «Ақсақ құлан» екі мультипликациялық фильм талқылау, салыстыру тақырыбы болды. Ежелгі бай аңыздар, хикаялармен таныса, талқылап, талдай отырып, балалар табиғатқа, туған өлкеге деген махаббат, өз тегіне көрсетілер құрметке негізделген халықтың рухани даналығына араласып, аға ұрпақтың, өз елінің, халқының тарихын мақтанышпен сезінді. Тарих – халық естелігі, шабыт, әлеуметтік шығармашылық және келешекке ұмтылыс үшін күш жияды. Тарихи ағарту және тәрбие өскелең ұрпақты өз халқының рухани әлеміне, оның мәдени, тарихи шығу түсінігіне тартуға ықпал ету, халық поэзиясы, музыка, кескіндемелерді қабылдай білуге мүмкіндік беруге арналған.