2016 жылғы 2 қарашада Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің фортепиано бөлімі облыстық көркем сурет мұражайына барып, танымал ресей суретшісі, кескіндеме және академиялық сурет кафедрасының доценті Владимир Чёрныйдың кескіндеме жұмысының авторлық факсимиле көрмесін тамашалады. Владимир Анатольевич Павлодар қаласының тумасы екені балаларға жаңалық болды. Оның ата-анасы әлі де туған Ертіс өңірінде тұрып жатыр екен. Владимир Анатольевич өзінің өнер әлеміне алғашқы қадамын біздің музыка мектебінің табалдырығынан бастаған (90 жылдары мектепте «сурет студиясы» болған, жетекшісі Т.С. Ефремова).
Владимир Чёрныйдың жұмысы балаларды табиғилығымен, түс палитрасы, суреттің нақтылығымен таңқалдырды. Оқушыларға суретшінің шеберлігі, әр реңкі, қылқаламды сілтей жағу, образды жетілдірудегі сезімнің ұштасуы үлкен әсер қалдырды.
Оқушылар және педагогтар пікір қалдыру кітабына автордың көрмесінен алған өз әсерлері мен тілектерін жазды. Жерлесіміз Владимир Чёрныйдың тамаша шығармашылығына көз жүгіртіп, оған үлкен рахметімізді айтып, әлі де шыңдардың шыңынан шыға беруіне тілектестігімізді жеткізу мүмкін болды.