Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жер бетіндегі мейірімділік
17-10-2016 06:36
Павлодар қаласында кәсіби музыкантшылар, сонымен қатар, облысқа танымал коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар басшылары мен мемлекеттік мекемелер өкілдерінің қатысуымен төртінші жыл сайынғы қайырымдылық «Екі жұлдыз» шоу-жобасы өтті. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, жоба продюсері және жетекшісі, Павлодар облысы бойынша АДЖК атқарушы директоры Ляна Логунова. Жоба ұйымдастырушысы – Павлодар облысы Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығы. Биылғы жылғы концерт өзгеше форматта өтті: көрермендерге «Кішкентай бекзада» мюзикл ұсынылды. Шығармашыл команданың атқарған жұмысы ерекше. «Промень» жастар театрының директор-режиссері Денис Аверьянов қоюшы режиссер ретінде көріне білді. «Промень» жастар театры, «Луч» театр студиясы әртістерінің тамаша ойындары көрермендерді өз шеберліктерімен тарта білді. Концертке Құрманғазы атындағы № 1 БММ, дарынды балаларға арналған музыка мектебі, Назарбаев зияткерлік мектебі, қаланың жалпы білім беретін мектеп оқушылары, «Сәулетай» ансамблінің жеке орындаушылары қатысты. Астана және Новосібір қалаларының жалпы білім беретін мектеп оқушылары аталған жобаға зор ықыластарымен қатысты. Тамаша музыкалық безендіру, жарқын костюмдер, сахнаның безендірілуі ерекше ертегі елін елестетті. Мюзикл мақсаты – өмірдегі басты құндылықтарды нығайту – жанұя, махаббат, жер бетіндегі мейірімділік. Сондықтан да, концертке балаларымен отбасы жұптары қатысты. Сахнадан «Твори добро», «Ертегілер әлемі», «Sole mio», «Куда уходит детство», «Алтыным», «Облака» секілді т.б. әндер шырқалды. Құрманғазы атындағы № 1 БММ оқушылары Самина Дощанова, Диана Шиншикова, Дарья Ермолаева, Ульяна Найда (жетекшісі Ксения Миронец) және Павлодар облысы бойынша АДЖК басқарма мүшесі, «ЛимА» перде ательесінің директоры Анастасия Лим «Sorry seems to be the hardest word» әнін орындап шықты. Музыкалық нөмірдің қызықты қойылымы, балалардың таза дауысы, жүрегі лүпілдеп орындау кешке жиналған көрермендерді бей-жай қалдырмады. Концерт барысында өткізілген көрермендер дауысының нәтижелері бойынша жоба жеңімпаздары Гауһар Әкімқұлова және Асылжан Әбіш құрамындағы жұп болды. Концерттен жиналған барлық қаражат екі сырқат баланың еміне тапсырылған болатын. «Екі жұлдыз» шоу-жобасы – бұл емделуді қажет ететін балаларға көмек көрсету, әр адамға бар жақсылықтың нышанын таныту, адамгершілік, қайырымдылық, қайғысына ортақтасу, селқос қарамауға тамаша мүмкіндік.