1 қыркүйекте Құрманғазы атындағы № 1 БММ даярлық тобы және бірінші сынып оқушыларына, жас дарынды музыкантшыларға есігін айқара ашты. Балалар және олардың ата-аналары қолдарында үлкен құшақ гүлдерімен еліктіргіш, сиқырлы музыка әлеміне бет ала, мектеп табалдырығын аттады.
Мерекелік концертті мектеп педагогы Константин Макаров Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай әзірленген «Менің Отаным» әнімен ашты. Домбырашылар концертті Құрманғазының «Адай» күйін орындап жалғастырды. Концерттің әр номері жас музыкантшыларды түрлі музыка аспаптарымен таныстырып отырды: мұнда скрипканың ұйытқыған дыбысы, рояльдың толқыған, саксофонның романтикалық, гитара ішектерінің құбылған, баянның өткір үнін естуге болады.
Халықаралық конкурстардың лауреаттары Полина Петрова және Роман Новосельцев «Вместе мы большая сила» және
«I feel good» әндерін орындап барлық балаларға бейқам, бақытты балалықтың позитивті көңіл-күйін сыйлады. Эрик Фернандостың «Афровальс» шығармасы концерттің ең жарқын номері болды, ұрмалы аспапта Александр Андрющенко ойнады. Сиқырлы және әсерлі орындаушылық концертке келген бірде-бір көрерменді бей-жай қалдыра алмады.
Жаңа оқу жылы басталды – жаңа шығармашылық жеңістер, тамаша концерттер жылы. Біздің музыка мектебі әрбір жас музыкантшыға шығармашылық, түсіністік, мейірім мен қолдауды білдіретін екінші үйі болады деп сенгіміз келеді.